Түрік кәсіпкерлер Иранның экономика бөліміне қаржы салуға дайын
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1273-Түрік_кәсіпкерлер_Иранның_экономика_бөліміне_қаржы_салуға_дайын
Түркия кәсіпкерлері Иран Ислам Республикасының экономика және туризм салаларына қаржы салуға әзірлік танытты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 22, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Түрік кәсіпкерлер Иранның экономика бөліміне қаржы салуға дайын

Түркия кәсіпкерлері Иран Ислам Республикасының экономика және туризм салаларына қаржы салуға әзірлік танытты.

Анталияның сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Давуд Четин жетекшілігіндегі Түркияның бір сауда делегациясы Альборз облысының индустриалдық-экономикалық әлеуетімен танысып, ынтымақтастық негіздеріне шолу жасау мақсатында Иранға сапар шекті.

Анталияның сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Альборз сауда палатасының төрағалары және өкілдерімен кездесуінде осы ел кәсіпкерлерінің Альборзда туризм саласына атсалысып, қаржы салуға толық әзірлігін хабарлады.

Давуд Четин Түркияның, әсіресе Анталияда туризм өнеркәсібіндегі бағалы әрі ұзақ тәжірибесіне сілтеме жасап: «Түркия кәсіпкерлері осы тәжірибелерін өзіндік ерекшеліктерге ие Альборз облысында қолдана алады. Қолайлы әлеуеттер мен экономикалық мүмкіндіктері бар көрші ел – Иран санкциялардан босатылғандықтан Түркия ислам республикасымен сауда-саттық әріптестіктерін ұлғайтуды қалайды» деді.