Иран мен Оман газ құбырының бағытын өзгеруге келісті
(last modified Fri, 12 Aug 2016 10:04:17 GMT )
Там 12, 2016 16:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман газ құбырының бағытын өзгеруге келісті

Оманның Мұнай және газ министрі өз елінің Иранмен табиғи газ тасымалдайтын құбырдың бағытын өзгерту туралы келіскенін хабарлады.

Оманның Мұнай және газ  министрі Мохаммед бин Хамад ал-Румхи бұл елге газ тасымалдайтын Иранның газ құбыры бағытының өзгеруі туралы: «Бұл өзгеріс аталмыш құбырдың біріккен Араб Әмірлігі бақылайтын сулардан өтпеуі үшін жасалды. Иран мен Оман құбырлар жобасын алға ілгерілетіп, оларды басқа елдердің шекараларынан өткізбеу туралы келісті»,- деді.

Оман Мұнай министрінің айтуынша, Иранның табиғи газын тасымалдайтын құбырлар 300 метр тереңдіктен өтудің орнына осы кезде теңіздің бір мың метр тереңдігінен өтетін болады.

Иран газын Парсы шығанағы  жағалауындағы мемлекетттерге экспорттайтын ең маңызды жоба газды Оманға жеткізетін жоба саналады. Егер бұл жоба іске қосылса, Иранның Оманға экспорттайтын газы LNG-ге айналып, көзделген елдерге жеткізіледі.

Иран мен Оманның арасындағы 2014-ші жылғы келісім бойынша, 15 жыл бойы күн сайын Иранның 28 миллион текше метр газы Парсы шығанағының түбінен өтетін құбыр арқылы Оманға экспортталады.