Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің түрлі аймақтарын бомбалады
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің түрлі аймақтарын тағы да бомбалады.
Йеменнің «almasirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, саудиялық- америкалық шапқыншы қырғи ұшақтар жексенбі күні Йеменнің солтүстік батысындағы Хаджжа облысының Кашар өңіріндегі «әл- Мандале» аймағын үш рет бомбалады.
Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтары сондай- ақ жексенб күні Йеменнің солтүстік-батысындағы Амран облысының Суфиян өңірінде орналасқан «әл- Амалеғе» дивизиясының базасын төрт рет бомбалады. Осы шабуылдар барысында бір топ йемендік қаза болып, біраз адам жараланды.
Йемендегі бір зерттеу орталығы Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі коалицияның әуе шабуылдарының жүздеген мың оқушыны білім алуды жалғастырудан мақұрым етіп отырғанын мәлімдеді.
Йемен армиясының зымырандық бөлімшелері де Сауд әулеті режимінің қылмыстарының қарымтасы ретінде Сауд Арабиясының оңтүстігінде Асирдегі Хамис Машит әуе базасын баллистикалық зымыранмен нысанаға алды.