Әли Абдолла Салех Сауд әулетіне қарсы Йемен қарсыласуының жалғасатындығын қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13021
Йеменнің Ұлттық конгресінің төрағасы Сауд Арабиясының шабуылдары мен саудиялық жалдамалы күштердің басқыншылығы алдында қарсыласу мен күрестің жалғасатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 17, 2016 21:14 Asia/Almaty
  • Әли Абдолла Салех Сауд әулетіне қарсы Йемен қарсыласуының жалғасатындығын  қуаттады

Йеменнің Ұлттық конгресінің төрағасы Сауд Арабиясының шабуылдары мен саудиялық жалдамалы күштердің басқыншылығы алдында қарсыласу мен күрестің жалғасатынын қуаттады.

Йеменнің Ұлттық конгресінің төрағасы Әли Абдолла Салех: «Йемен халқының жылдар бойы саудиялық шапқыншылармен соғысуға шамасы жетеді. Оның нәтижесі соғыс майдандарында белгілі болады. Йемен халқы баянды және басқан қадамдары нық болып қала береді. Дұшпанның ұшақтары оларды қорқыта алмайды. Өйткені йемендіктер әрдайым өз елін қорғауға әзір. Йемен ешбір елге қауіп төндірмейді. Сауд Арабиясы сионистік режиммен одақтасып: «Йемен Иранмен одақтас болып отыр» деген уәждерімен Йемен халқын қырып, осы елге ойран салып отыр» деді.

Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айының 26-нан бастап кейбір араб елдері және Американың қолдауымен Йеменге шабуыл жасады. Сауд әулеті Йеменнің отставкадағы президенті Абдрабе Мансур Хадиді билікке қайтаруды мақсат етіп отыр.