Рухани: Бірлік Ирактағы терроризмді жояды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13174
ИИР Президенті: «Ирактағы барлық ұлттар мен мазхаб өкілдерінің бірлігі бұл елде терроризмнің тамырын жояды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 21, 2016 13:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Бірлік Ирактағы терроризмді жояды

ИИР Президенті: «Ирактағы барлық ұлттар мен мазхаб өкілдерінің бірлігі бұл елде терроризмнің тамырын жояды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Джабуримен кездесуінде Ирак армиясы мен халқының лаңкестікпен күрестегі жуырдағы жеңістеріне қуаныш білдіріп: «Ирак Парламенті лаңкестікпен күрес саласында бірлесіп әрекет ету арқылы Ирактың ұлттық бірлігін нығайтып, кепілдік бере алады»,-деп қуаттады.

Рухани Иранның лаңкестікпен күрестің соңына дейін Ирактың қасынан табылатынын айтып: «Бұған қарамастан кейбір аймақтық елдер әртүрлі факторлардың, соның ішінде сионистердің ықпалымен қате жолды ұстанып отыр. Ал халықтар бұл елдердің бір-бірінің жанында аймақтың дамуы мен абадтандырылуына күш салуын қалайды»,-деді.

Ирак Парламентінің төрағасы да осы кездесуде: «Иран мен Ирак өзара ынтымақтастықты дамыту арқылы тек Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін ғана емес, аймақтың тұрақтылығын нығайтуға да талпынуы тиіс»,-деді.  

Ирак Парламентінің төрағасы өз елінің лаңкестікпен күрес жолындағы соңғы жеңістерін баяндап: «Бұл жеңістерге Ирак халқының, соның ішінде елдің армиясы, тайпалар мен қауымдардың халықтық күштерінің бірлігінің арқасында қол жеткізілді»,-деп қуаттады.