Ирак парламентінің төрағасы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен кездесті
(last modified Sun, 21 Aug 2016 14:59:57 GMT )
Там 21, 2016 20:59 Asia/Almaty
  • Ирак парламентінің төрағасы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен кездесті

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ДАИШ дағдарысын жеңудің Иракта ұлттық бірлікті арттырып, шиіт, сүннит және күрдтердің ұлттық бірлігін күшейтетінін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда Ирак парламентінің төрағасы Сәлим әл-Жәбуриді қабылдауында Иран ислам республикасының қандай жағдайда болмасын Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылатындығын қуаттап, Мосулды азат ету амалдарының барлық ирактық топтардың, әсіресе жергілікті күштердің қатысуымен Нейнава облысында Ирактың ұлттық мүддесін басшылыққа алу арқылы бірліктің арқасында табыспен басталуына үміт білдірді.

Ирангың Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай- ақ Ирактың демократиялық билігінің ДАИШ дағдарысына тойтарыс беру және оны ауыздықтау тақырыбында біліктілігін дәлелдеудегі табысына тоқталып: «Мосулды азат ету Иракта тұрақтылық, тыныштық, ұлттық және жағырапиялық бірліктің бастауы болады» деді.

Ирак парламентінің төрағасы Сәлим әл- Жәбури де Иран ислам республикасының лаңкестікпен күресте Ирак үкіметі мен халқына үлкен қолдау көрсетуіне алғыс айтып, Иранды аймақтағы өте маңызды әрі ықпалды ел деп атап: «Бүкіл аймаққа қауіп төндіретін ең маңызды әрі жедел қауіп лаңкестік болып табылады. Тілеулестік және бірлікпен лаңкестерді жеңіліске ұшыратып, Ирак пен аймаққа тыныштықты қайтару керек» деді.

 

 

Тегтер