Бахрейн халқының тағдыры Батыстың мүдделеріне байланысты
(last modified Wed, 24 Aug 2016 11:07:03 GMT )
Там 24, 2016 17:07 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқының тағдыры Батыстың мүдделеріне байланысты

Бахрейнде халық көтерілісінің басталғанына 5 жыл 7 айдан асып барады. Бұл елдің хабарларынан шешім жолдары ұсынылмаған аймақтық және халықаралық реакцияларды бақылаудамыз.

Бахрейн халқының көтерілісі 2011-ші жылдың 14-ші ақпанында «Меруерт» майданынан басталып, бүгін 5 жылдан артық уақыт өткенімен, бұл елдің көшелері халықтың революцияшыл халқының куәсі болуда. Бахрейн халқының саяси сахнаға белсенді қатысуы, олардың басып-жаншылуы мен адам құқығының Халифе режимі тарапынан бұзуы жалғасуда.

Бахрейннің революцияшыл халқының бұл елдің билік басындағы басшылармен әртүрлі тәсілдермен басылып-жаншылуы жалғасып, адам құқығы органдары тек мәлімдеме жариялауды қанағат етуде.

Көшеге шыққан халықты нысанаға алу, азап-қорлық көрсету, қарсы саяси топтарды ыдырату, көтеріліс басшыларын қамау, бейбіт шерулердің алдын алу, жамағат намазын өкуізуге тыйым салу, кейбір адамдарды азаматтықтан айыру Халифе режимінің Бахрейннің халық көтерілісін басу үшін пайдаланып отырған әрекеттерінің бір бөлігі болуда.

Адам құқығын қорғайтын үкіметтер мен ұйымдардың көбі соның ішінде Адам құқығы инспекторлар ұйымы Бахрейндегі адам құқығының бұзылуына қатысты мәлімдеме жариялаумен шектелді.

Бахрейн кішігірім мемлекет, бірақ әлемдік стратегиялық жағдайына байланысты Батыстың аймақтағы базасы саналады. Батыс, әсіресе АҚШ үшін Батыс Азиядағы маңызды мәселе Бахрейндегі тұрақты базасын сақтап қалу болып табылады. Бұл базаның сақталуы Халифе режимінің жалғасуы үшін де қажет. Халифе режимі Таяу Шығыс аймағындағы Батыстың тұрақты орнналасуына кепілдік береді. Бұл режим Бахрейн халқын айуандықпен басып-жаншып, бұл елдегі адам құқығын бұзуына қарамастан Бахрейнде әскери базаларын орналастырған АҚШ пен Ұлыбритания үшін  сенімді режим болып саналады.

АҚШ Теңіз күштерінің бесінші флотилиясы Бахрейнде оналасқан. 2014-ші жылы Манама мен Лондон да Бахрейнде Ұлыбританияның жаңа әскери базасын орналастыратыны туралы хабарлаған болатын. Ұлыбританияның Таяу Шығыстағы JMS деп аталған бірінші әскери базасы Бахрейнде орналасқан. АҚШ пен Ұлыбританияның Бахрейндегі әскери базасын сақтап қалу және аталмыш базаның адам құқығы туралы жар салатын бұл екі елдің мүдделеріне кепілдік болуы АҚШ пен Ұлыбритания үшін адам  құқығын сақтау, сөз бостандығын құрметтеу және бейбіт шерулер өткізуден артығырақ. Бахрейнде  демократиялық үкімет негіздерін сақтап, көпшіліктің дауысын басым санап, бахрейндік шиіттердің қалауына құрмет білдіру трансаймақтық үкіметтердің  әскери орналасуын аяқтайды.

Бахрейн халқының көпшілігі саяси тәуелсіздік пен халықтың өз тағдырын өзі шешуін талап етеді. Олар осы екі мақсатына жету үшін 2011-ші жылдың 14-ші ақпанынан бері көшелерге шығып, үстемшіл басшылардың басып-жаншуларына қарамастан наразылықтарын тоқтатпады.

Халифе режимінің Бахрейн халқының көпшілігінің талаптарына қарсы тұруы бұл елдегі Батыстың мүдделерін сақтап қалуға байланысты. Осыған орай Халифе режимі алаңдаушылық білдіруде. Батыс үкіметтері мен адам құқығын қорғаушы Батыс органдары Бахрейннің өзгерістерін осы тұрғыдан бағалайды.