Палестиналық қайраткерлер палестиналық тұтқындардың құқықтарын қорғауда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13507-Палестиналық_қайраткерлер_палестиналық_тұтқындардың_құқықтарын_қорғауда
Сионистік режимнің түрмелерінде палестиналық тұтқындарға қатысты қысымдардың артуына реакция білдірген Палестинаның тұтқындар жөніндегі министрі тұтқындар тақырыбының халықаралық ұйымдарда қарастырылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 27, 2016 22:33 Asia/Almaty
  • Палестиналық қайраткерлер палестиналық тұтқындардың құқықтарын қорғауда

Сионистік режимнің түрмелерінде палестиналық тұтқындарға қатысты қысымдардың артуына реакция білдірген Палестинаның тұтқындар жөніндегі министрі тұтқындар тақырыбының халықаралық ұйымдарда қарастырылатынын хабарлады.

Палестинаның тұтқындар жөніндегі министрі Иса Қарақа Рамалла халқының жиынында палестиналық тұтқындарға қолдау көрсетіп, сионистік режимнің палестиналық тұтқындарға қарсы қысымдарының артқанын айыптап: «Халықаралық деңгейде тұтқындардың құқықтарын қорғап, Палестина халқының ең жақсы перзенттерінің құқықтарын әлсіретуге рұқсат бермейміз.

Израильдің түрмелерінде құқықтарынан айырылып, азапталып жатқан 7 мың палестиналық тұтқынның жағдайы туралы келіссөздер басып алынған жерлер туралы  келіссөздер сияқты Палестина халқы мен қайраткерлері үшін маңызды»,-деді.  

Палестинаның тұтқындар жөніндегі министрінің мәліметі бойынша, кемінде 7 мың палестиналық тұтқын, соның ішінде 500 бала мен 70 әйел Израильдің түрмелерінде ең жаман тәсілмен азапталуда.

Соңғы айларда Палестина халқы мен қайраткерлерінің ашуын тудырған тұтқындарға қатысты мәселелердің бірі 750 палестиналықты айыбын түсіндірусіз және соттаусыз әкімшілік қамауға алу болды.

Әкімшілік қамауға алу – айыпсыз және соттаусыз түрмеге қамаудың бір түрі. Бұл тәсіл Израиль қайраткерлеріне  палестиналықтарды  6 айға дейін түрмеге қамауға рұқсат береді. Бұл қамаудың мерзімі шектеусіз ұзартыла алады. Осылайша палестиналық тұтқындар сионистік режимнің түрмелерінде жазықсыз жатыр.  

Палестиналық ақпарат көздерінің мәліметінше, сионистік режим «Құдс интифазасы» деп аталатын Палестина халқының көтерілісін басып-жаншу мақсатында өткен қазан айынан осы күнге дейін 6326 палестиналықты қамауға алған.

Шын мәнінде сионистік режим палестиналықтарды қамауды күшейту арқылы олардың арасында үрей тудырып, оларды қарсыласудан бас тартуға көндіруді және олардан салық алу үдерісін жалғастыруды мақсат тұтып отыр. Бұл мәселе осы басқыншы режимнің өз мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан бас тартпайтынын көрсетеді.

Осындай жағдайда сионистік режимнің қолындағы палестиналық тұтқындар аштық жариялау арқылы өз наразылықтарын әлем халықтарына жеткізуді көздейді.

Бұған қарамастан сионистік режим Батыс елдерінің қолдауы мен халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен оған қарасты ұйымдардың үнсіздігі саясында бұрынғыдай өзінің палестиналықтарға, әсіресе палестиналық тұтқындарға қарсы зұлым әрекеттерін жалғастырып жатыр.

Осы қылмыстарға шолу жасағанда сионистік режимнің Палестина халқына ең нашар қатынас көрсеткенін көруге болады.

Осындай жағдайды бақылап отырған әлем халықтары сионистік режимге қатысты өздерінің ырықсыз қатынасымен бұл режимді антигуманитарлық әрекеттер мен қылмыстарын жалғастырып, адам құқығын бұзуда дөрекілене түсуіне себеп болып отыр.