Лариджани: Иран Ирактың бөлінуіне қарсы
(last modified Sun, 28 Aug 2016 09:16:23 GMT )
Там 28, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран Ирактың бөлінуіне қарсы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ИИР-ның Ирактың бөлінуіне жүз пайыз қарсы екендігін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда Ирактың Уджаба исламдық қарсыласу қозғалысының Бас хатшысы шейх Акрам әл-Каабимен кездесіп: «Сауд Арабиясы аймақтың қазіргі жағдайында теріс әрекеттер жасауда, бірақ әрдайым сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тауып келеді»,-деді.

Лариджани Сауд Арабиясының Йеменге әскери шабуылды 1,5 жылдан астам уақыт бойы жалғастырып, жазықсыз халықты қырып-жойып жатқанына тоқталып: «Сауд әулеті өзінің ешбір мақсатына қол жеткізе алған жоқ. Сирияда да көздеген мақсаттарына жетпеді»,-деп мәлімдеді.  

Ирактың Уджаба исламдық қарсыласу қозғалысының Бас хатшысы шейх Акрам әл-Кааби Иран халқының Ирак халқына көмектеріне тоқталып: «Иракта ДАИШ-тың қол астында болған аймақтардың көбі азат етілді. Қазір ДАИШ лаңкестері тек Мосул қаласы мен әл-Анбар облысындағы шектеулі шөлді аймақта ғана қалды»,-деді.

Ирактың Уджаба исламдық қарсыласу қозғалысының Бас хатшысы ДАИШ-тың осы елге ықпалы жөнінде: «Иракта америкалық басқыншы күштер болған кезде олар бірнеше әскери амалдар барысында әл-Каида жойылады деп ойлады. Алайда әл-Каиданың идеологиялық базасына байланысты бұл лаңкестік топ Иракта қалып, ДАИШ пайда болды»,-деді.  

 

Тегтер