Ғасеми: Әл-Джубайр негізсіз уәждерін қайталауда
Иран Сыртқы істер министрінің ақпарат хатшысы: «Саудиялық қайраткерлер, әсіресе осы елдің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубайрдың ИИР-ның аймақтағы оң және сындарлы рөлі мен талпыныстарына қарсы жалған айыптары мен негізсіз уәждері сан рет қайталанғандықтан жалықтырады»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жұма күні кешке хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми өзінің әлеуметтік желісінде жазған мәлімдемесінде: «ИИР-ның Сирияға әскери кеңес беріп, аймақтағы тәкфирлік-лаңкестік топтардың жүгенсіз қатігездігіне ұшыраған кейбір исламдық елдердің жазықсыз халқына рухани және саяси қолдау көрсету аймақ пен әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі аясында жүргізіліп жатыр. Аймақтық елдердің барлығы қауіпсіздік пен тыныштық орнатып, жазықсыз халықтың одан ары қырып-жойылуына тосқауыл қою жолында оң қатынас көрсетіп, сындарлы практикалық амалдар жасауға талпыныс жасайтынын күтеміз.
Аймақ пен әлемде өзінің қате қатынасын түзетуі тиіс ел – Сауд Арабиясы. Бұл ел Йеменнің қорғансыз әйелдері мен балаларына қарсы өзінің әскери шабуылдарын тоқтатумен қоса, негізсіз шараларды жасаудан, аймақтық елдерде, соның ішінде Сирияда лаңкестік топтарды қолдаудан бас тартуы тиіс. Сауд Арабиясы аймақтағы өзінің қатынасын қайта қарастырғаны дұрыс. Бұл ел жалған елестің орнына әрекеттерін ақылға салуы тиіс»,-деп қуаттады.