Оман Ішкі істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
(last modified Mon, 05 Sep 2016 08:23:54 GMT )
Қыр 05, 2016 14:23 Asia/Almaty
  • Оман Ішкі істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін барлық елдердің ынтымақтастығының қажеттілігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Оман Ішкі істер министрі Хамуд Бен Фейсал әл-Бусаидимен Теһрандағы кездесуінде: «Бір мемлекеттегі тұрақсыздық пен тынышсыздық барлық елдер үшін қоқан-лоққы. Олар тіпті аймақ пен әлемге де өз әсерін  тигізеді. Аймақта бәсекелестіктің орнына сындарлы ынтымақтастық жасау арқылы қазіргі тарихи әрі сезімтал кезеңнен өту керек»,- деді.

Оман Ішкі істер министрі де сол кезедсуде Иранның аймақтағы рөліне тоқталып, екі елдің барлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарын кеңейте алатынын айтты. Хамуд Бен Фейсал әл-Бусаиди Оман үкіметі тарапынан қарым-қатынастарды кеңейтуге ешбір кедергінің жоқ екендігіне тоқталып, аймақта да басқа елдердің ИИР-мен қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделік танытып отырғандарын мәлімдеді.