Иран мен Оманның қарым-қатынастары басқаларға үлгі
Теһран-Масқат ынтымақтастықтарын кеңейту негіздер бойынша Оман Ішкі істер министрі Хамуд Бен Фейсал әл-Бусаиди Иранның Сыртқы істер және Ішкі істер министрімен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Оман Ішкі істер министрімен Теһрандағы кездесуінде: «Аймақта бәсекелестіктің орнына сындарлы ынтымақтастық жасау арқылы қазіргі тарихи әрі сезімтал кезеңнен өту керек»,- деді.
Оман Ішкі істер министрі бұл кездесуде Иранның аймақтағы маңызды рөліне тоқталып, екі ел арасындағы қарым-қатынастарын жоғары деңгейде деп сипаттады. Хамуд Бен Фейсал әл-Бусаиди Оман үкіметі тарапынан қарым-қатынастарды кеңейтуге ешбір кедергінің жоқтығына тоқталып, аймақта да ИИР-мен қарым-қатынастарды кеңейту үшін ерік-жігер бар»,- деді.
Иран мен Оманның саяси-экономикалық қарым-қатынастары екі елдің қарым-қатынастарынан жоғары. Иран мен Оманның достық әрі кең ауқымды қарым-қатынастары үлгі боларлықтай. Мұндай қарым-қатынасқа екі ел басшыларының қалауы мен ортақ түсіністік себеп болуда.
Патшалық Оман елі мен ИИР-ның арасында Парсы шығанағының оңтүстігінде теңіз арқылы шекараға ие. Сондықтан теңіз арқылы ортақ ынтымақтастық екі ел ынтымақтастықтарының негізі. Осы салада Иран мен Оманның теңіз шекарасына қатысты келісімге Мұхаммад Джавад Зариф пен Хамуд Бен Фейсал әл-Бусаиди қол қойды.
Парсы шығанағы мен Оман теңізі суларында жедел көмек ортақ жаттығуларын өткізу Иран мен Оманның ынтымақтастығының үлгісі. Оманның саясаты аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту және бұл мәселе Теһран мен Масқаттың арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетті.
Иран мен Оманның кең ауқымды және достық қарым-қатынастарды кеңейтуі ИИР-ның шекаралас және аймақтағы елдер арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге қатысты сыртқы саясатының басты мәселесі.
Иранның пікірінше аймақтың мәселелерін шешу үшін аймақ елдерінің ортақ ынтымақтастықтары қажет. Осы салада Теһран-Масқат қарым-қатынастары аймақтың басқа елдері үшін үлгі.
Иран әр мемлекеттегі тұрақсыздық пен тынышсыздықтың барлық елдер үшін қоқан-лоққы екендігін, олардың тіпті аймақ пен әлемге де өз әсерін тигізетінін, сондықтан аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін барлық елдердің ынтымақтастығын қажет деп санайды.
Иран мен Оманның тұрақты кеңесулері аймақтың мәселелерін түсініп, оларды аймақ мемлекеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шешуден туындап отыр. Иран мен Оманның саяси-экономикалық мүмкіндіктері екі елдің қарым-қатынастарын кеңейтуде маңызды рөл атқарады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдрламасынан кейін бұл мүмкіндіктерді пайдалану жеңілдеді.
Аймақ мәселелерін шешіп, қарым-қатынастарды кеңейту үшін ортақ мүмкіндіктерді пайдалану Иранның шекаралас және аймақ елдеріне қатысты саясаты. Теһран-Масқат қарым-қатынастары осы саясаттың көрінісі.