Адель әл-Джубаир Иранды негізсіз айыптады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубаир өз елінің аймақ пен әлемде лаңкестіктің таралуында қандай рөл атқарғанын назарға алмастан, әрдайым негізсіз уәждермен ИИР-ды лаңкестікке қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Теһранның лаңкестікті қолдап отырғаны туралы жуырдағы уәждерін Адель әл-Джубаирдың біржақты, жөнсіз әрі қайталамалы әсіре сөздері деп атап: «Адель әл-Джубаирдың Иранды лаңкестікке қатысты айыптауы Талибан, әл-Каида, ДАИШ топтары мен басқа да қанішер жалдамалы лаңкестердің басшылары не саудиялық азаматтар, не ваххабизмнің ықпалымен экстремизмге бет бұрған адамдар болып отырған жағдайда айтылып отыр»,-деді.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Иранға қатысты қайталамалы уәждері бұл елдің Азияның батысындағы жобаларының жеңілісінен туындап отыр. Миллиондаған доллар жұмсалып, Башар Асадты құлату үшін жалдамалы лаңкестердің пайдаланылғанына қарамастан, Сауд Арабиясының Сириядағы саясатының жеңіліс табуы және Сауд әулетінің 17 ай соғыс пен қантөгісте Йеменнің революцияшыл халқының берік ерік-жігерін мұқалта алмауы саудиялық режимнің аймақтағы сәтсіздіктерінің қатарын құрайды.
Мұнымен қоса, Иранмен мұнайға қатысты соғыста Сауд Арабиясы жеңіліс тапты. Сауд әулетінің бюджет тапшылығының орнын толтыруға талпынуы осы жеңілістің салдары болып отыр.
Сауд Арабиясын қатты ызаландырған сәтті ядролық келісім бұл елдің Иранмен текетіресінде әсерлі болды.
Сауд Арабиясы басшыларының соңғы жылдардағы амал-әрекеттері Иранмен жауласуға негізделген. Бұл дұшпандықтың тамыры аймаққа ықпал ету және аймақтық қарым-қатынастарды бағыттау жолында ИИР-мен бәсекелесуде жатыр.
Сауд Арабиясы Иранмен бәсекелесу үшін кез-келген құралды қолданады. Қанішер жалдамалыларды пайдалану, әртүрлі лаңкестік топтарды құрып, лаңкестерді қару-жарақ және қаржымен қамтамасыз ету, «Мұнафеқин» лаңкестік тобына қолдау көрсету, қажылықты саяси тұрғыдан пайдалану – осының барлығы саудиялық режимнің Иранмен текетіресінің көрсеткіштеріне жатады.
Әлемдік қауымдастық Сауд Арабиясының лаңкестікке қолдау көрсетудегі рөлінен хабардар. Бүгінде «Сауд Арабиясы» атау «тәкфирлік лаңкестердің қылмыстары» деген сөздің синоним ретінде қарастырылады.
Америкалық жазушы әрі сарапшы Фрид Закария жуырда «Вашингтон Пост» газетінде: «Ваххабилік ойларды тарату экстремистік және лаңкестік белсенділіктердің таралуына себеп болды»,-деп жазды.
Ваххабилік медреселер экстремизмді әлемге таратып, лаңкестерді дайындайды. Бұл медреселердің түлектері ДАИШ, Талибан мен әл-Каида лаңкестік топтарының алғы шебінде Сирия мен Иракта жазықсыз адамдарды өлтіріп жатыр.
Мұнымен қоса, Сауд Арабиясының адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын Батыс елдерінің қолдауымен күн сайын тыйым салынған қарулармен Йемен халқын қырып-жоюы осы елдің халқын қауіпсіз өмірден айырды.
Сауд Арабиясының тарихы саудиялықтардың аймақтық елдерге, соның ішінде Сирия, Ирак, Ливан, Йемен мен Бахрейнге қатысты саясатының лаңкестікті ашық түрде қолдауға және осы елдердің ішкі ісіне араласуға негізделгенін көрсетеді.