Саудиялық басқыншы коалиция Йеменге әуе шабуылдарын жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14356
Саудиялық басқыншы коалицияның Йеменнің Хадже облысына шабуылдары бірқатар йемендік азаматтың қаза табуына әкеліп соқтырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Саудиялық басқыншы коалиция Йеменге әуе шабуылдарын жалғастыруда

Саудиялық басқыншы коалицияның Йеменнің Хадже облысына шабуылдары бірқатар йемендік азаматтың қаза табуына әкеліп соқтырды.

Ливанның «әл-Аһд» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, саудиялық басқыншы коалиция сенбі күні Йеменнің солтүстік-батысында орналасқан Хадже облысындағы бір тұрғын ауданды бомбалады. Соның салдарынан 6 йемендік азамат қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Осындай жағдайда саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің Сана облысында орналасқан Арджаб қаласындағы Бейт-Саадан ауданын бірнеше рет бомбалауы салдарынан 18 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

Йеменнің астанасы Сананың халықаралық әуежайы да 6 рет саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылына ұшырады.

Йеменнің «Саба» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Йеменнің 13 облысындағы 200 туристік орталық Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан қиратылған. Бастапқы шығындар көлемі 2 млрд доллардан астам деп бағаланып отыр.

БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі жуырда Йеменде 18 ай бойы жүргізілген соғыста құрбан болғандар санының  шамамен 10 мың адамға жеткенін хабарлады.