Иранның мәжіліс төрағасы Мина апатына байланысты жолдау жасады
(last modified Tue, 13 Sep 2016 05:12:27 GMT )
Қыр 13, 2016 11:12 Asia/Almaty
  • Иранның мәжіліс төрағасы Мина апатына байланысты жолдау жасады

Иранның исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани әлемдік қауымдастықтан, әсіресе Адам құқығы комитетінен өткен жылы орын алған Мина апатына байланысты ақиқатты анықтайтын комитет құру тақырыбын күн тәртібіне қоюды сұрады.

Исламдық Кеңес мәжілісінің хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Мина апатының алғашқы жылдығына арнаған жолдауда ислам әлемі мен әлемнің адам құқығы ұйымдарынан адами ұждан негізінде өткен жылы орын алған Мина апатына байланысты ақиқатты анықтайтын комитет құру тақырыбын күн тәртібіне қоюды сұрап: "Мина апаты қажылық рәсімдерін өткізушілердің біліксіздіктері мен Арабстан басшыларының осы үлкен парызды өткізуді басқарудағы қауқарсыздықтарын көрсетті. Мина апаты шәһидтерінің алғашқы жылдығы мен Құрбан айт мейрамы Иран халқы мен әлемнің мұсылмандары, сонымен қатар адамзаттың хабардар ұждандары аталмыш апаттың мыңдаған құрбандарын әлі аза тұтқан жағдайда өтіп жатыр. Әл-Сауд режимінің жас мансапқорларының қателікке толы саясаттары – Йеменге шабуыл жасаудан бастап, аймақта тәкфірлік лаңкестерді тәрбиелеп, соларға қолдау көрсетуі мен Құдсты басып алған сионистік режиммен жасырын әрі әшкере түрдегі байланыстары ислам дінінің негізін қатерге тіреп отырған Арабстанның парасатсыздығының үлкен элементтері» деп баса айтты.