Зариф: Орын алған қатыгездіктердің тамыры вахабизмде
(last modified Wed, 14 Sep 2016 09:22:02 GMT )
Қыр 14, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Зариф: Орын алған қатыгездіктердің тамыры вахабизмде

Иран Сыртқы істер министрі исламның атын пайдаланып, орын алған қатыгездіктердің көбінің тамырын вахабизмде деп атады.

ИРНА-ның мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф «Нью-Йорк таймс» газетінде жариялаған мақаласында: «Саудиялық басшылар айыптау үгіт-насихаттарын тоқтатып, әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен барлық елдерге қоқан-лоққы болып отырған лаңкестік пен қатыгездікті жоюға ынтымақтастық жасауы керек. 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек шабуылынан осы күнге дейін соғысқұмар вахабизм бірнеше рет жүзін Талибан, әл-Қаида және ДАИШ болып өзгерткенімен, бірақ идеологиясы мен негізгі саясатын өзгертпеді. Сауд Арабиясы Батыс қожаларын араб әлемінің тынышсыздықтарына соқтыратын жалған негіздерге сүйенген саясаттарды қолдауға көндіруге талпынды. Экстремистер бай қожаларының қолдауларына ие болып, христиандар, еврейлер, шиіттер  мен басқаларды қырумен айналысуда. Шын мәнінде аймақ мемлекеттеріндегі сүннит топтар бұл жиіркенішті ой-пікірлерден ең көп шығын көруде»,- деді.