Иранның Әділет министрі: Мина апатын ұмытуға жол бермейміз
(last modified Fri, 16 Sep 2016 11:25:44 GMT )
Қыр 16, 2016 17:25 Asia/Almaty
  • Иранның Әділет министрі: Мина апатын ұмытуға жол бермейміз

Иранның Әділет министрі Мина апатының себебін анықтап, құрбандардың құқықтарын қайтару қажеттігін қуаттады.

Иранның Әділет министрі Мостафа Пурмохаммади бейсенбі күні Гилан обылысында Мина апатына қатысты көптеген түсінбеушіліктерге тоқталып: «Бұл апатты ұмытуға жол бермейміз. Оқиғаны нәтижеге жеткізіп, зардап шегіп, қаза болған адамдардың құқықтары қайтарылғанша зерттейміз»,- деді.

Иранның Әділет министрі Сауд үкіметінің Мина апатын зерттеуге кедергі болып, шындықты зерттейтін топқа өз жұмысын атқаруға рұқсат етпей отырғанын қатаң сынады.

2015-ші жылғы қажылық кезіндегі Мина апатында шамамен 7000 қажы, соның ішінде 464 ирандық қажы саудиялық басшылардың біліксіздігінің салдарынан қаза болды.