Израиль мен Сауд Арабиясының байырғы қатынасы әшкере болды
Бір сионистік газет сионистік режимнің бұрынғы Премьер-министрі Ариэль Шаронның Сауд Арабиясының марқұм патшасы Абдулла бен Абдулазизге жазған хатын жариялап, олардың қарым-қатынасын әшкере етті.
«Иерусалим Пост» газеті осы тақырыпты әшкере етіп: «Бұл хат 2005 жылдың қараша айында жазылған. Шарон онда Малек Абдулланың басқаруындағы Сауд режимінің өз күші мен ықпалын пайдаланып, аймақтағы ұстамды елдерді бітім жасауға, тұрақтылық пен даму мүмкіндіктерін нығайтуға ынталандыра алатындығына үміт білдірген»,-деп жазды.
Сионистік режимнің сол кездегі Премьер-министрі осы хатта Сауд Арабиясына қарай достық қолын созатынын айтып: «Ортақ мақсаттарға жету үшін сіздермен әріптестік жасау мүмкіндігіне ие болармыз деп үміттенеміз»,-деген.
Сионистік режимнің Мысырдағы бұрынғы елшісі Ицках Леванон да: «Шаронның Малек Абдуллаға хаты – Израиль мен Сауд Арабиясы арасындағы байланысты растайтын маңызды тарихи құжат»,-деді.