Ғасеми: Сауд Арабиясы өзінің лаңкестікке қолдау көрсетуіне жауапты болуы керек
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15121
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясын лаңкестікке қолдау көрсетуіне жауапты болуға шақырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 26, 2016 21:12 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясы өзінің лаңкестікке қолдау көрсетуіне жауапты болуы керек

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясын лаңкестікке қолдау көрсетуіне жауапты болуға шақырды.

Бахрам Ғасеми отандық және шетелдік тілшілермен өткізген ақпарат отырысында Сауд Арабиясының Америкамен өзінің байланысын сақтап қалу үшін барлық іске әзірлігін айтып: «Әлемдік ұйымдардың Сауд Арабиясының жағдайымен таныстығына байланысты осы елдің әрекеттерінен ештеңе шықпайды. Эр- Рияд халықаралық лаңкестікке қолдау көрсетуіне жауап беруі керек» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы 11- ші қыркүйек оқиғасы құрбандарының отбасыларына өтемақы төлеу жөніндегі АҚШ Конгресінің шешіміне вето салу туралы: «Американың бұл әрекеті тосын емес. Американың аймақ пен әлемдегі іс- әрекетінен бұл елдің екіұшты стандарттарға бағынатыны белгілі болып отыр. АҚШ орта мерзімді өтпелі мүдде бойынша өз тұрғыларын өзгертеді. АҚШ Конгресінің 28 беттен тұратын есебі мен бүгінде Сауд Арабиясының 11- ші қыркүйек оқиғасында қаншалықты рөл атқарғаны белгілі болып отырғанына қарамастан кейбір мәселелерге байланысты осындай оқиға орын алып отыр» деді.