Йеменде басқыншылар ауыр шығын көрді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i154
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің осы елдің оңтүстігіндегі басқыншылардың базасына жасаған зымырандық шабуылында басқыншы күштерінің ондаған сарбазы көз жұмып, жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2016 15:31 Asia/Almaty
  • Йеменде басқыншылар ауыр шығын көрді

Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің осы елдің оңтүстігіндегі басқыншылардың базасына жасаған зымырандық шабуылында басқыншы күштерінің ондаған сарбазы көз жұмып, жараланды.

Йеменнің «Al Masirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің сенбі күні түстен кейін осы елдің оңтүстігіндегі Лахадж облысында әл-Анд әуе базасына жасаған шабуылдарында басқыншы күштерінің ондаған сарбазының көз жұмуы және жаралануымен қоса, басқыншы күштердің бірнеше «Apache» тікұшақтары жойылды.

Бұл шабуылда, сондай-ақ, Black Water компаниясының жаңа басшысы америкалық полковник Николас Питерс қаза тапты.

Осындай жағдайда «Al Mayadeen» телеарнасы Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, әл-Анд әуе базасына атылған зымыранның салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жараланған.

Сонымен қатар, йемендік жауынгерлер әл-Шарқие базасы мен Месраһ қалашығында бірқатар жалдамалы мен саудиялық күштерді өлтірді деп хабарланды.

«Al Mayadeen» телеарнасы Йеменнің бір әскери дереккөзіне сілтеме жасап, осы елдің шығысындағы Маарибте Сауд Арабиясының бір тыңшылық ұшқышсыз ұшағының құлатылғанын хабарлады.