ДАИШ Иракқа 35 млрд доллар шығын келтірді
(last modified Sun, 02 Oct 2016 14:08:06 GMT )
Қаз 02, 2016 20:08 Asia/Almaty
  • ДАИШ Иракқа 35 млрд доллар шығын келтірді

Ирактың Премьер-министрі: «ДАИШ лаңкестік тобы Ирактың бірнеше өңірін жаулап алып, елге 35 млрд доллар шығын келтірді»,-деп мәлімдеді.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади сенбі күні Бағдадта: «ДАИШ-тың шабуылдары Ирактың әртүрлі өңірлеріне, әсіресе елдің солтүстігіндегі мұнай кеніштеріне теріс әсер етті. Сонымен қатар бұл шабуылдар Ирак армиясының қару-жарақтары мен құрал-жабдықтарының көп бөлігінің жойылуына әкеліп соқтырды»,-деп мәлімдеді.

Әл-Абади сөзінің жалғасында мұнайдың бағасы туралы: «Иракта  мұнай бағасының төмендеуі 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Ирак үкіметі мемлекеттік шығындарды азайту саясатын жалғастыруы тиіс»,-деді.

Ирактың зиян шеккен аймақтарын қайта жөндеу қорының төрағасы Абдулбесат Түрки де осыдан бұрын: «Бұл ел ДАИШ лаңкестік тобының бақылауынан босатылған жерлерді қайта жөндеу үшін 13-14 млрд долларды құрайтын бюджетті қажет етеді»,-деген болатын.

Ирак екі жылдан астам уақыт бойы  ДАИШ лаңкестік тобының елдің солтүстік және батыс жағындағы қалаларды басып алуынан туындаған дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр.

 

Тегтер