ДАИШ Иракқа 35 млрд доллар шығын келтірді
Ирактың Премьер-министрі: «ДАИШ лаңкестік тобы Ирактың бірнеше өңірін жаулап алып, елге 35 млрд доллар шығын келтірді»,-деп мәлімдеді.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади сенбі күні Бағдадта: «ДАИШ-тың шабуылдары Ирактың әртүрлі өңірлеріне, әсіресе елдің солтүстігіндегі мұнай кеніштеріне теріс әсер етті. Сонымен қатар бұл шабуылдар Ирак армиясының қару-жарақтары мен құрал-жабдықтарының көп бөлігінің жойылуына әкеліп соқтырды»,-деп мәлімдеді.
Әл-Абади сөзінің жалғасында мұнайдың бағасы туралы: «Иракта мұнай бағасының төмендеуі 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Ирак үкіметі мемлекеттік шығындарды азайту саясатын жалғастыруы тиіс»,-деді.
Ирактың зиян шеккен аймақтарын қайта жөндеу қорының төрағасы Абдулбесат Түрки де осыдан бұрын: «Бұл ел ДАИШ лаңкестік тобының бақылауынан босатылған жерлерді қайта жөндеу үшін 13-14 млрд долларды құрайтын бюджетті қажет етеді»,-деген болатын.
Ирак екі жылдан астам уақыт бойы ДАИШ лаңкестік тобының елдің солтүстік және батыс жағындағы қалаларды басып алуынан туындаған дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр.