Саудия режимінің Йемендегі қылмыстары туралы жаңа статистикалық мәлімет жарияланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15481
Йеменнің «Танмие» құқықтық орталығы өз мәліметінде Саудия режимінің Йеменге 560 күннен астам жасаған шабуылдары салдарынан 10500- ден астам йемендіктің қаза болғанын, олардың шамамен 2400-ін балалар, 1700- ден астамын әйелдер құрағанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 03, 2016 07:47 Asia/Almaty
  • Саудия режимінің Йемендегі қылмыстары туралы жаңа статистикалық мәлімет жарияланды

Йеменнің «Танмие» құқықтық орталығы өз мәліметінде Саудия режимінің Йеменге 560 күннен астам жасаған шабуылдары салдарынан 10500- ден астам йемендіктің қаза болғанын, олардың шамамен 2400-ін балалар, 1700- ден астамын әйелдер құрағанын мәлімдеді.

Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдарынан жүздеген мың баспана, тұрғын үй кешені мен инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде шамамен 700 мешіт,  260- тан астам аурухана мен емдеу орталығы да ойран болған. Сауд Арабиясының Йеменге жасаған 560 күн бойғы шабуылынан 18500- ден астам адам жараланған. Солардың шамамен 2201- і бала, 1806- сы әйел болып табылады.