Иран Құдс интефазасының жылдығында Палестинаның қарсыласуын марапаттады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Құдс интефазасының жылдығында палестиналық халық пен бұл елдің топтарының заңсыз сионистік режимге қарсы күресін марапаттады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні Құдс интефазасының бірінші жылдығында Палестина халқы мен палестиналық топтардың басқыншы сионистік режимге қарсы табандылығы мен жанкештілікпен басқыншыларға қарсы мадақтауға лайық қарсыласқан Құдс интефазасының шәһидтерін мадақтап: «Израильдің палестиналықтардың құқықтарын бұзу, Құдсті еврейлендіру, әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетіп, оны қирату, қалашық құрылысын жалғастыру мен палестиналық ерлер мен әйелдерді, балаларды абақтыға қамап, азап-қорлық көрсету сынды зұлым әрекеттері әлемдік қоғамның жиіркенішіне тап болды. Палестиналықтардың қарсыласуын жалғастырып, олардың өз мақсаттарына табанды болуының арқасында сионистік режимнің палестиналықтарды билеп-төстеу мақсаттарына негізделген араласушылығы мен зұлымдықтары нәтижеге жетпейді»,- деді.
2016-шы жылдың қазан айының бірі - Палестина халқының сионистік режимнің басқыншылығына қарсы Құдс интефазасының жылдығы.