2000-шы жылдағы Хизболланың қарсыласуы сионистік дұшпанның мақсаттарына жетуіне кедергі болды
Хизболланың Бас хатшысы сейед Хасан Насролла: «Қарсыласу дұшпанның мақсаттарына жетуіне кедергі болған кезде жеңіске жетті. Одан маңыздысы, Ливанның қарсыласу қозғалысы өз мақсаттарын іске асырды»,- деп қуаттады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің «Әл-Аһдқа» сілтеме жасап хабарлауынша, Ливан Хизболасының Бас хатшысы жексенбі күні мұхаррам айының басталуына орай сөйлеген сөзінде: «Қарсыласу 2000-шы жылы дұшпанның 1982-ші жылы жоспарлаған мақсаттарына жетуінің алдын алып, керісінше өз мақсаттарына жетті. ДАИШ пен оны жақтайтын басқа топтар қырып жою, адамдарды бауыздау және балағаттауымен құдды Мүслім бен Ақабенің немерелеріндей... Ислам діні мен оның барлық мазхабтары имам Хусейн (ғ.с.)-ның төгілген қанының арқасында мәңгілікке қалып, таралды. Кері жағдайда Ислам дінінен еш нәрсе қалмайтын еді. Имам Хусейн (ғ.с.) осы күнге дейін ұмытылмай, жадыларда жаңғыруда. Хазірет исламды қорғауымен бірге надандар мен пайғамбардың дұшпандарын әшкере етеді»,- деді.