Иран Ирак халқы мен үкіметін қолдайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «ИИР-ның Иракқа қатысты саясаты бұл елдің территориялық біртұтастығын, ирактық сүннит, күрд және шиіт топтарының бірлігі мен өзара тілеулестігін қолдауға негізделген»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Ирактың Барлау қызметінің басшысы Мұстафа Каземимен Теһрандағы кездесуінде: «Ирак жергілікті топтарының арасындағы бірлігі және біртұтастығымен қазіргі қиындықтарын шеше алады»,- деді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақ мемлекеттері, соның ішінде Ирактың бөліну қатеріне тоқталып: «Батыс басшыларының кейбіреулері мемлекеттерді бөліп, аймақтың мәселелерін шешеміз деп ойлайды. Бұл қате пікір. Сондықтан бүкіл күшті жұмылдырып, Ирактың ұлттық бірлігі мен территориялық біртұтастығын қорғау қажет»,- деп баса айтты.
Ирактың Барлау қызметінің басшысы да ИИР-ның Ирак үкіметі мен халқына көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы мен гуманитарлық көмектеріне алғыс айтып: «Ирактық күрескерлердің ДАИШ лаңкестерімен күресу жігері күннен күнге артуда. Жақын келешекте Иракта тұрақтылық пен тыныштық орнатылады»,- деді.