Иранды айыптау - Йеменге қарсы шабуылдарды ақтау үшін қажет сылтау
АҚШ пен Сауд Арабиясының қайраткерлері «Иран йемендік топтарды қолдайды» деген уәж айтып, «араб коалициясы» деп аталған топтың Йемен халқына қарсы шабуылдарын ақтауға күш салуда.
Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми Американың Қорғаныс министрлігі қайраткерлерінің бірінің «Йемендегі Ансаролла күштерінің Біріккен Араб Әмірлігінің кемесін жарып жіберген зымыраны Иранда жасалған» деген уәжін теріске шығарып: «Айтылған уәждер АҚШ бір жарым жылдан бері Йеменді қоршауға алып, тіпті бұл елдің халқына гуманитарлық көмек жеткізу көптеген қиындықтармен кезігіп отырған жағдайда өзі мен одақтастарының Йеменнің панасыз халқының алдында әлсіз екендіктерін мойындауы. Иранның Йеменнің әскери және халықтық күштеріне қару-жарақпен көмек көрсетуі туралы уәждер бұл елдің халқы қырылып, инфрақұрылымдары қиратылып, соғыс барысында АҚШ ұшақтары мен қарулары пайдаланылып, тіпті соғыс әрекеттері мен адамзатқа қарсы қылмыстар орын алып, Батыстың Сауд Арабиясы мен басқа араб мемлекеттеріне қару сатуы артқан жағдайда айтылуда. АҚШ Қорғаныс министрлігінің қайраткерлерінің «Иран йемендік жауынгерлерді қарумен қамтамасыз етеді» деген уәждерімен тұспа тұс Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясы күштерінің баспасөз хатшысы Ахмад әл-Асири де «Иран йемендік топтарға қарумен көмектеседі» деген уәж айтып: «Коалицияның Йеменге шабуылының мақсаты – бұл елдің Иранның базасына айналуының алдын алу»,- деп мәлімдеді.
Йеменге қарсы шабуылдардың алғашқы күндерінде йемендік әскер мен бұл елдің топтарына қарсы соғыс тек біренше күнге созылады деп болжаған әл-Асири бір жарым жылға созылған шабуылдардан кейін: «Йемендік топтарға көрсетіліп отырған қолдаулар араб коалициясының Йеменге қарсы шабуылынң жеңіске жетуіне кедергі болуда»,- деді.
«Иран Йеменге қару жібереді» деген уәждер Йеменнің көгі мен оңтүстік және батыс жағалаулары шабуыл жасаушы коалицияның қоршауына толық алынып, бұл күштер тіпті гуманитарлық көмектерді де өткізбей отырған жағдайда айтылуда.
АҚШ пен Сауд Арабиясының әскери басшылары Йеменге шабуыл жасамастан бұрын сан рет йемендік күштердің әртүрлі қаруларға, атап айтқанда жүздеген түрлі зымырандар мен танктерге ие екендіктері туралы мойындаған. Сондықтан, егер бұл қарулар қолданылатын болса, басқа қару қажет емес. АҚШ-тың жан-жақты қолдауына ие араб коалициясының күштері өткен айларда сан рет Йеменнің халық күштері мен әскерінен ұтылған сайын Иранды айыптап, Иранның араласуы туралы уәждер таратып, Йемен халқына қарсы қылмыстарының жалғасуын ақтауға күш салуда. Олар сыртқы себептерді өздерінің сәтсіздіктерінің себебі деп атап, олардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі Йемен халқының тәуелсіздік талап ету рухы екендігне немқұрайдылық танытуда. Йемен халқы өткен бір жарым жылда әскери және экономикалық қысымдарға қарамастан Сауд Арабиясының билеп-төстеушілігінен шығу шешіміне табанды екендіктерін көрсетті.