Йеменнің орталығында бірқатар саудиялық басқыншы өлтірілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1573
Йеменнің орталығында елдің әскері мен халықтық күштерінің әрекеттерінде бірқатар саудиялық басқыншы өлімге ұшырады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2016 18:27 Asia/Almaty
  • Йеменнің орталығында бірқатар саудиялық басқыншы өлтірілді

Йеменнің орталығында елдің әскері мен халықтық күштерінің әрекеттерінде бірқатар саудиялық басқыншы өлімге ұшырады.

Йеменнің ресми ақпарат агенттігі «SABA»-ның мәліметі бойынша, Йемен әскері мен халықтық күштері саудиялық жалдамалылардың стратегиялық Джабал әл-Хомаре мен Йеменнің орталығындағы Мареб облысының батыс аймақтарына қарай ілгерілеуін тоқтатып, ондаған жалдамалыны өлтірді немесе жаралады.

Бұл әрекет кезінде Сауд режиміне тәуелді жалдамалылардың басшыларының бірі Ахмад Салеһ Шалиф басқа 12 жалдамалымен бірге өлді.

Саудиялық шапқыншылар йемендік күштердің жетістіктеріне реакция білдіріп, Сана облысындағы Әл-Джедаан және Наһм аймақтары мен ел астанасын бомбалады.

Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының шабуылдары салдарынан осы кезге дейін ондаған мың йемендік, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза болып, жарақат алды, сондай-ақ ондаған мың босқынға айналып, мемлекеттің инфрақұрылымының 80 пайызы қиратылды.