Иран саудиялық қырғи ұшақтардың Санаға жасаған шабуылын айыптады
(last modified Sun, 09 Oct 2016 09:17:23 GMT )
Қаз 09, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Иран саудиялық қырғи ұшақтардың Санаға жасаған шабуылын айыптады

Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық қырғи ұшақтардың жүздеген бейбіт тұрғынның қаза болып, жаралануына себеп болған Санада өтіп жатқан бір рәсімге жасаған шабуылын айыптады.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас кеңсесінің мәлімдеуінше, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Арабстанның Санаға қарсы шабуылындағы жан түршіктірерлік қылмыстарына жеккөрініш білдірумен қатар, осы апатта құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.  

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы бір жарым жылдан астам уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың Йемен халқына қарсы қатыгездік және зорлық-зомбылыққа қатысты үнсіздік танытып отырғанын еске салып: "Йеменнің жасанды дағдарысын тоқтату үшін Сауд әулетінің қанішер зорлықшыларының агрессорлық болмысын тоқтатып, барлық йемендік тараптардың қатысуымен шынайы келіссөздер өткізуден басқа жол жоқ" деді. 

Осындай жағдайда БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі Джейми МакГолдрик саудиялық режимнің басшылығындағы коалицияның кеше Йемендегі бір жерлеу рәсіміне жасаған шабуылдарын қатаң сынап, саудиялық коалиция күштері тарапынан бейбіт халықтың ауқымды түрде өлтірілуін  қылмыс әрі халықаралық заңдарға қайшы деп атады. 

Саудиялық коалицияның қырғи ұшақтары сенбі күні кешке Санада Йеменнің Ішкі істер министрінің әкесін жерлеу рәсімдерін бомбалады. Бастапқы статистикаға сәйкес, кемінде 650 адам қаза болып, жараланған.