Сауд Арабиясынан қару-жарақ сатуды тоқтату талап етілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1588
Халықаралық Кешірім ұйымы Сауд Арабиясынан қырып-жоятын қару-жарақ сатуды тез арада тоқтатуды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 27, 2016 15:13 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясынан қару-жарақ сатуды тоқтату талап етілді

Халықаралық Кешірім ұйымы Сауд Арабиясынан қырып-жоятын қару-жарақ сатуды тез арада тоқтатуды талап етті.

Ливанның «әл-Ахд» интернет сайтының хабарлауы бойынша, Халықаралық Кешірім ұйымы жұма күнгі есебінде: «Сауд Арабиясының Йеменнің тұрғын аудандары мен инфрақұрылымдарына қарсы қырып-жоятын қаруларды қолданып жатқанын көрсететін құжаттар мен айғақтар бар.

Белсенділер 29 ақпанда Женевада қару-жарақ саудасына қатысты хаттаманың орындалуын талқылауға арналған отырысқа қатысатын үкіметтерден қару-жарақты Йемендегі қарапайым адамдарға қарсы қолданатын Сауд Арабиясына миллиардтаған долларлық қаруларды сатуды тоқтатуды талап етті»,-деп баса айтты.

Халықаралық Кешірім ұйымы 16 қаңтарда Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың Йеменге жасаған шабуылында осы елдің астанасы Сананы кассеталық бомбалармен нысанаға алғанын көрсететін құжаттардың бар екендігін жариялады.

Бұл ұйым, сондай-ақ, 7 қаңтарда да Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың Йемендегі жасап жатқан соғыс қылмыстарына тоқталып, Йемен астанасының тұрғын аудандарына жасаған шабуылды өте ауыр қылмыс деп атады.