Йемен халқы соғыс майдандарына қосылу үшін әскери жаттығудан өтеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15973
Йемен армиясының ақпарат хатшысы халықтың соғыс майдандарына қосылу үшін лагерлерде әскери жаттығудан өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 11, 2016 16:20 Asia/Almaty
  • Йемен халқы соғыс майдандарына қосылу үшін әскери жаттығудан өтеді

Йемен армиясының ақпарат хатшысы халықтың соғыс майдандарына қосылу үшін лагерлерде әскери жаттығудан өтетінін хабарлады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Йемен армиясының ақпарат хатшысы Шариф Лоғман дүйсенбі күні  «Al-Manar» арнасының хабар торабына берген сұхбатында: «Сана апатынан кейін халықты әскери жаттықтыру арқылы Саудия шапқыншыларына батыл жауап әрі үлкен сабақ береміз» деді.

Шариф Лоғман Саудия жетекшілігіндегі коалицияның қырғи ұшақтарына тосқауыл қою үшін дамыған зымырандардың бар екендігін хабарлап: «Йемендік күштер Саудия жерінің 20 шақырымында құзырға ие және өздерінің жаулап алынған облыстарын қайтарып алуға мүдделі» деді.

Йемен армиясының ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы үкіметінің негізсіз әлсіз режим екендігіне сілтеме жасап: «Сауд әулетінің экономикалық және саяси ахуалы мәз емес. Олар өз тіршіліктерін жалғастыратын жол табуды мақсат етіп отыр.

Йемен халқының алдында жеңіске жеткенше төзімділік пен қарсыласу таңдауы ғана қалған» деді.