Түркия Президенті Мосул амалдарына қатысты пікір білдірді
"Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да, Түркия Мосул амалдарына қатысады".
Бұл сөйлем Түркия Президентінің дүйсенбі, 17 қазан күні Стамбұлда өткен Халықаралық құқық конференциясында жасаған баяндамасының бір бөлігі.
Ирактың үкіметтік және халықтық күштерінің Мосул қаласын азат ету амалдары басталғаннан кейін айтылған Ердоғанның бұл сөздері саяси орталардың назарын өзіне аударды. Ирактық күштердің Мосулды азат етуге бағытталған ауқымды амалдары басталғаннан бірнеше сағат өткеннен кейін Түркия ақпарат құралдары осы ел қарулы күштері танктерінің Иракпен шекараларда орналастырылғанын хабарлады. Аймақтық саяси орталар бұл әрекетті Анкараның Мосулдегі авантюризмі деп атап отыр.
Түркияның өткен күздегі Ирактың солтүстігіндегі әскери құзыры Бағдад пен Анкара қатынастарының нашарлауына себеп болды. Иракта Түркия осы елде өзінің сепараторлық мақсаттарын көздеп отыр деген болжам күшейе түскен еді. Түркия қайраткерлері бұл мәселені теріске шығарып, лаңкестермен күресті өзінің Ирактағы, тіпті Сириядағы құзырының басты себебі деп атады. Түркияның Ирактың солтүстігіндегі амалдардағы құқықтық үлесі Түркияның жылдық бюджетінің бір бөлігін Мосулдегі мұнай табыстарымен қамтамасыз ететін 1980 жылдары жасалған Лозанна келісімімен шектелді. Түркия одан бұрын да 1926 жылғы Түркия шарты бойынша Мосул қаласындағы өзінің азаматтарына кепіл болуға міндеттелді. Түркия ол кезде Мосулде, тіпті Киркук қаласы мен түркімендер қоныстанған аймаққа дейін созылған 90 шаршы километр жерге билік жүргізіп, осы аймақтың қауіпсіздігіне қолсұғушылық жасалған жағдайда қауіппен күресу құқығына ие болды. Анкара шарты Ұлыбританияның Иракта билік жүргізген кезеңге тиесілі болса, 1980 жылғы келісім Ирактың күрдтер қоныстанған аймақтары Бағдадтың орталық үкіметінің бақылауында болмаған кезде жасалған болатын.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де Түркияның Мосулды азат ету амалдарына тікелей қатысуы туралы мәлімдемесі мен Түркия қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі құзырына реакция ретінде: "Мосул амалдары ирактықтардың жетекшілігімен жүзеге асырылады. Бұл елдің көршілері Ирактың егемендігі мен жер біртұтастығын құрметтеуі керек" деп мәлімдеді.
Саяси орталар Түркияның Мосулды азат ету және ИСИМ-мен күреске көмектесу туралы уәждерін Түркияның осы аймақтағы құзыры мен әскери амалдары үшін сылтау деп атап отыр. Аймақтық байланыстардағы жасампаздық пен Мосулдың саяси-әлеуметтік және билік құрылымының болашағында рөл атқару Түркияның осы аймақтағы құзырының басты мақсаты болып табылады.
Аймақтағы күрдтердің жағдайы да Түркия қайраткерлерін алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Түркияның Күрдістан жұмысшылары партиясының осы елдегі іс-әрекеттері, сириялық күрдтердің Сирияның солтүстігіндегі белсенділігі, АҚШ-тың сириялық күрдтермен бағыттастығы, Сириядағы майдандық өзгерістер Түркияның алаңдаушылығын арттырып отыр. Себебі Түркия сириялық және ирактық күрд топтарының арасында байланыс бар екендігіне сенімді.
Күрдтік топтардың ИСИМ-мен күресі және көптеген адамдардың пікірінше Түркияның аймақтық байланыстардағы саясаттарын ілгерілететін рычаг болып табылатын ИСИМ лаңкестік тобының жеңілуіне қатысты алаңдаушылық Түркияның Мосулдағы әскери құзырының келесі бір себебі болып табылады. Ирактық орталар ИСИМ күштерін Мосулдан құтқару арнасын құру арқылы Анкараның ИСИМ-ге қолдау көрсетуі Түркияның Ирактың солтүстігіндегі әскери құзырының басты себебі екендігіне сенімді болып отыр. Осы себептердің барлығының дұрыс немесе бұрыс болуына қарамастан Түркияның көршілес елдерде әскери және саяси араласушылығын ақтай алмайды.