Сауд Арабиясы шетелдік банктерден қарыз алған
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16516
Сауд Арабиясы елдегі бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдік банктерден қарыз алған.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 21, 2016 14:16 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы шетелдік банктерден қарыз алған

Сауд Арабиясы елдегі бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдік банктерден қарыз алған.

Ұлыбританияның HSBC банкінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы халықаралық нарықтан алғаш рет қарыз сұрағанда осы банктен бұрын-соңды болмаған сома – 17 млрд 500 млн доллар несие алған.

Халықаралық қаржы қоры жуырдағы бір мәліметінде Сауд Арабиясының осы жылдың аяғына дейін  100 млрд долларға жуық бюджет тапшылығына ұшырайтынын хабарлаған.

Сауд Арабиясы үкіметінің тікелей қарыздарының көлемі 2016 жылдың тамыз айына дейін шамамен 73 млрд долларға жеткен еді, оның 63 млрд доллары ішкі қарыздар, ал 10 млрд доллары шетелдік қарыздар болатын. Бұл қарыздар Сауд әулетінің лаңкестерге қаржылай қолдау көрсетуі, Йеменде соғыс жүргізуі және саудиялық басшылардың орасан зор шығындары әсерінен туындап отыр.

Бюджет тапшылығы, өтемпаздық дағдарысы, биржадағы бағаның төмендеуі, жалпы өткен 2 жылдағы Сауд Арабиясының банктік жүйесіндегі қаржы қиындықтары – осының барлығы саудиялық режимнің  өзінің аймақтық саясаттарына қарсы Иран мен Ресей сияқты кейбір бәсекелес елдерге соққы беру үшін мұнайдың әлемдік бағасын төмендетуге бағыттаған қастандығынан туындап отыр.