ДАИШ-тың Киркукте жасырын лаңкестері бар
(last modified Sat, 22 Oct 2016 09:09:04 GMT )
Қаз 22, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың Киркукте жасырын лаңкестері бар

Мосулды азат ету амалдарының басталғанынан бес күн өткен соң ДАИШ лаңкестері Фаллуджа мен әр-Рамадиде қысымға түскен кездегідей Киркук қаласында да қорқыныш тудырып, адамдарды тірі қалқан ретінде пайдалануға бет бұрды.

ДАИШ лаңкестері кеше 21 қазанда  Киркук облысының кейбір қауіпсіздік орталықтарына, соның ішінде әкімшілік ғимараты мен бірқатар полиция бөлімшелеріне шабуыл жасап, олар мен әкімшілік ғимаратындағы полиция күштері мен армия әскерилері арасында ауыр қақтығыс болды.  

ДАИШ-тың бірнеше мүшесі Киркук облысындағы бір электр стансасында өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 16 адамды өлтірді.  ДАИШ тобының тағы бір мүшелері Киркук қаласындағы мешіттердің біріне кіріп, намазшыларды кепілдікке алды. Басқа лаңкестер бірнеше полиция көлігін басып алып, солармен қала көшелерін аралап, қорқыныш тудыруда.

Киркук облысының жауапты тұлғалары жүріп-тұруға тыйым салу ережесін енгізіп, Киркук қаласындағы қауіпсіздік жағдайын бақылауда ұстап отыр.

ДАИШ лаңкестері тарапынан осындай әрекеттер жасалатыны болжанғанымен, бұл әрекеттердің бірнеше қырдан маңызы барын айта керу керек. ДАИШ-тың өзін-өзі жару амалдарын орындап, қорқыныш тудыру үшін алғашқы мақсаты ретінде Киркук қаласын таңдауы өте маңызды.

ДАИШ лаңкестері Киркукты нысанаға алу арқылы «Пишмарге» күштерінің Мосулды азат ету амалдарына көбірек қатысуына кедергі жасап, күрд күштерінің назарын Киркук қаласына аударуға тырысып жатыр. ДАИШ лаңкестері Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади тарапынан Мосулды азат ету амалдарын бастау туралы бұйрық берілместен бұрын Киркукте бұзушы-бүлдіруші амалдар жасауға қажетті жағдай жасап алғанға ұқсайды.

Осыған орай,  Киркук әкімшілігіндегі бір дереккөзі былай деп хабарлады: қазір Киркукте болып жатқан оқиғалар бұл қалада жасырын лаңкестік топтардың болуының салдары әрі қазір Мосулда болып жатқан амалдардың нәтижелерінің бірі болып отыр. Басқа сөзбен айтқанда, ең маңызды ерекшелігі ретінде қатігез келбет көрсету және қорқыныш кеңістігін тудыру үшін жарнаманы қолданатын ДАИШ жасырын лаңкестерді пайдалану арқылы Ирак армиясымен соғысу үшін жаңа тәсілді қолдана бастағанын көрсетті.

Киркук қаласында жүріп-тұруға тыйым салу осы қаладағы қауіпсіздік жағдайды бақылауға алуға көмектескенімен, егер басқа қалаларда да ДАИШ-тің жасырын лаңкестері болса, бұл топ Мосулды азат ету амалдарына одан ары кедергі жасай түседі деген сөз. Өйткені Ирак үкіметі ДАИШ-тың жасырын лаңкестерді пайдалану сияқты болжанбаған тәсілдеріне қарсы шара ойластырмағанға ұқсайды.

Бұған қарамастан, ДАИШ Мосулды азат ету амалдарына кедергі келтіру үшін өзінің барлық мүмкіндіктері мен стратегияларын пайдаланып жатқаны ғажап емес. Өйткені Ирак армиясының Мосулды азат ету амалдарында жеңіске жетуі жалпы алғанда ДАИШ-тың Ирактағы тірлігінің аяқталғанын білдіреді.     

Тегтер