Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалау жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16651
Саудиялық қырғи ұшақтар атысты тоқтату бітімінің орнағанына қарамастан, бұрынғыдай Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалап жатыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 23, 2016 14:40 Asia/Almaty
  • Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалау жалғасуда

Саудиялық қырғи ұшақтар атысты тоқтату бітімінің орнағанына қарамастан, бұрынғыдай Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалап жатыр.

Al-Masirah ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, саудиялық қырғи ұшақтар жексенбі күні таңертең атысты тоқтату бітімін бұзып, Йеменнің астанасы Сана облысының әртүрлі аудандары мен әд-Дейлами әуе базасын өз шабуылдарының нысанасына алды.

Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз облысының әл-Маха мен әл-Хубан қалаларының аудандарын да бомбалады.

Сондай-ақ, саудиялық басқыншылар Йеменнің батысындағы әл-Хадида облысының әл-Касиб ауданындағы теңіз базасы мен елдің солтүстік-батысындағы Хаджа облысының Абас қаласын нысанаға алды.

Йемен армиясы мен халықтық күштері де саудиялық коалициясының Йеменге шабуылдары жалғасып, аумақтық тұтастығының бұзылғанына  жауап ретінде  Джизандағы Сауд Арабиясы армиясының позициялары мен әскери құрал-жабдықтары орналасқан жерлерін  зымырандық шабуылдардың нысанасына алды. Бұл амалдар барысында саудиялық жалдамалылардың бірқатары өлтірілді немесе жараланды.

Сауд Арабиясы тарапынан Йеменде атысты тоқтату бітімінің бұзылуы  БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілінің 72 сағаттық атысты тоқтату бітімін ұзартуға талпыныс жасап жатқан жағдайда орын алып отыр.