Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16759
Саудиялық бомба тастаушы ұшақтардың Йеменнің шығысына жасаған шабуылдарында алты тұрғын көз жұмды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 24, 2016 20:46 Asia/Almaty
  • Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады

Саудиялық бомба тастаушы ұшақтардың Йеменнің шығысына жасаған шабуылдарында алты тұрғын көз жұмды.

Саудиялық бомба тастаушы қырғи ұшақтар дүйсенбі күні Сааде облысындағы Бағам қалашығын өз шабуылдарының нысанасына алды. Сол шабуылдарда әскери емес алты йемендік көз жұмды. Саудиялық ұшақтар сан рет Йеменнің астанасы Сана мен Таизды өзінің әуе шабуылдарының нысанасына алды. Сол шабуылдарда тұрғын аймақтарға ауыр шығын келтірілді.