Джиддадағы Малек Абдулазиз әуежайына баллистикалық зымыран атылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17002
Йемен армиясы мен халықтық күштері Сауд Арабиясына өздерінің зымырандық күш-қабілетін тағы да көрсетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 28, 2016 16:19 Asia/Almaty
  • Джиддадағы Малек Абдулазиз әуежайына баллистикалық зымыран атылды

Йемен армиясы мен халықтық күштері Сауд Арабиясына өздерінің зымырандық күш-қабілетін тағы да көрсетті.

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Йеменнің Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні Сауд Арабиясының батысында орналасқан Джиддадағы Малек Абдулазиз атындағы әуежайына «Боркан» баллистикалық зымыранының атылғанын хабарлады.

Йеменнің Ансаролла қозғалысындағы бір хабардар адам Fars ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сауд Арабиясы йемендік зымырандардың Меккеге қарай атылғаны туралы қате хабар таратуда. Ансаролла қозғалысы зымырандарының нысанасы Джиддадағы әскери әуежай болды.

Йемендік көтерілісшілердің бейсенбі күнгі зымырандық шабуылы Джидда қаласындағы саудиялық басқыншылардың әуе базасына соққы беру үшін жасалды»,-деді.

Саудиялық ақпарат көздері қоғамды алаңдату үшін бүгін, жұма күні таңертең йемендік көтерілісшілерге тиесілі бір баллистикалық зымыран Сана қаласының солтүстігінен қасиетті Меккеге қарай атылды деп хабарлады.