Алжир Иранмен медицина саласында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады
Алжир Парламентінің төрағасы өз елінде ИИР-ның медицина саласындағы тәжірибелері мен жетістіктерін пайдалану қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Алжирдың Ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұхаммад әл-Араби Валад Халифе бейсенбі күні Алжир қаласында Иранның Денсаулық сақтау министрі Хасан Ғазизаде Хашемимен кездесуінде екі елдің барлық салалар бойынша қарым-қатынасын жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Теһран мен Алжир халықаралық сахнадағы маңызды мәселелер бойынша кеңесіп, пікір алмасады»,-деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі де осы кездесуде: «ИИР Алжирмен өзінің тәжірибелерімен бөлісіп, екі тарап арасында денсаулық сақтау және емдеу саласында қол қойылған келісімдерді орындауға дайын»,-деді.
Ғазизаде Хашеми сөзінің жалғасында сондай-ақ, Алжир Парламенті Сенат палатасының төрағасы Абдулқадыр Бен Салехпен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық қарым-қатынас туралы сұхбаттасты.
Алжир Парламентінің Сенат палатасының төрағасы осы кездесуде Иранның денсаулық сақтау, емдеу және ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін мақтан тұтарлық деп бағалап, екі елдің осы сала бойынша тәжірибе алмасуына мүдделік танытты.