Израиль Сирияның көне ескерткіштерін ұрлауды жалғастыруда
Сирия үкіметі жариялаған жаңа құжаттар сионистік режимнің өзі үшін жалған тарих жасау мақсатында Сирияның көне ескерткіштерін ұрлауды жалғастырып жатқанын хабарлады.
«Құдс» ақпарат агенттігінің «Маа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сирия үкіметі сионистік режим тарапынан осы елдің көне ескерткіштерінің ұрланып жатқанына және осы елдің оңтүстік-батысында орналасқан Қанитара аймағында жаңа ұңғымалар жасағанына наразылық ретінде БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдниет ұйымы ЮНЕСКО-ға шағымхат жіберді.
Сирияның Мәдениет министрлігіндегі Мұражайлар мен көне ескерткіштер орталығы басшысының орынбасары Абдулкарим Мамун сионистік режимнің Сирияның көне ескерткіштерін ұрлағанын және контрабанда жасағанын дәлелдейтін құжаттардың бар екендігіне тоқталып: «Сионистік режим өз үшін ойдан жасалған жалған тарих тудыру үшін көне ескерткіштерді табу және оларды өз елінде құрылыс материал ретінде пайдалану мақсатында қиратуды көздеп отыр»,-деп баса айтты.
Мамун, сондай-ақ, Иордания мен Түркияны да Сирияның көне ескерткіштерін басқа елдерге контрабандалық жолмен жіберуге қатысы бар деп айыптады.