Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан Йеменнің денсаулық сақтау жүйесі жойылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17200
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы 30 қазанда Йемендегі гуманитарлық және денсаулық сақтау жағдайы туралы ескертумен қоса, әлемдік қауымдастықтан Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан жойылған Йеменнің денсаулық сақтау жүйесіне көмектесуді сұрады. Йемен 2015 жылдың наурыз айының 25-нен бері Сауд Арабиясының шабуылдарына куә болып отыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2016 08:56 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан Йеменнің денсаулық сақтау жүйесі жойылды

Шекарасыз дәрігерлер ұйымы 30 қазанда Йемендегі гуманитарлық және денсаулық сақтау жағдайы туралы ескертумен қоса, әлемдік қауымдастықтан Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан жойылған Йеменнің денсаулық сақтау жүйесіне көмектесуді сұрады. Йемен 2015 жылдың наурыз айының 25-нен бері Сауд Арабиясының шабуылдарына куә болып отыр.

Сауд Арабиясының бұл қылмыстарының адами шығындары тек Йеменде қаза болғандар, жараланғандар, босқынға айналғандар мен баспанасыз қалғандармен шектелмейді. Йемендік азаматтар осы соғыста көптеген апаттар мен қиыншылықтарға ұшырап отыр. Осы күнге дейін  шамамен 2 млн йемендік бала сабаққа бармайды. 21 млн йемендік осы соғыстан зардап шегіп, азық-түлік көмегін қажет етіп отыр. Олардың арасында 9,9 млн бала бар. 3,2 млн йемендік осы елдің ішінде баспанасыз қалып отыр. Оның 1,4 миллионы – балалар.

Йемендегі инфрақұрылымның 80 пайызы жойылған. Жүздеген йемендік бала мектепте сабақ оқудың орнына қарулы топтарға жалданған. Мұнымен қоса, ЮНИСЕФ-тің мәлімдеуі бойынша 15 жастан төмен жүздеген йемендік қыз бала балалық шақтың ойындарымен ойнаудың орнына ерте әрі мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығудың салдарынан бала бағып отыр.

Бұған қарамастан, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыстарының басты салдарларының бірі осы елдің денсаулық сақтау және медицина жүйесінің жойылуы болды.

Йемен – Батыс Азия аймағындағы ең кедей араб елі. 14,1 млн йемендік санитарлық күтімді қажет етеді. 5 жастан төмен  370 мың бала жеткіліксіз тамақтану қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Олар өлім қаупіне 10 есе артық ұшырауда. Йеменнің 22 облысының 16-дағы медициналық мүмкіндіктердің 54 пайызы жұмыс істемейді немесе шектеулі түрде қызмет көрсетеді. Бұл елдің ауруханаларының 37 пайызы ғана толық жұмыс істейді.

Тырысқақ,  іш сүзегі, іш өту сияқты аурулар да Йеменде қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі жойылып, таза емес суды пайдаланудан соң асқындап кетті. Сондықтан осы күнге дейін  Йемендегі соғыста ондаған мың адам өліп, жаралануымен қоса, осы елде медициналық инфрақұрылымдар жойылған соң миллиондаған адам жұқпалы, емі жоқ, қатерлі аурулармен бетпе-бет келіп отыр.

Йемендік балалардың азық-түліктің тапшылығынан қоқыс арасынан тамақ іздеп жүргені бейнеленген суреттер Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінен ештеңе қалдырмағанын көрсетеді. Йемендегі соғыс денсаулық сақтау жүйесі жойылып, азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына себеп болды. Денсаулық сақтау жүйесінің жойылуы азаматтардың «үнсіз өлімнің» бір түрін іске қосты. Ол біртіндеп орын алады.  Ал қылмыскерлер кез-келген жауапкершіліктен жалтарып кете алады.

Йеменге шабуыл жасап, бұл елде гуманитарлық апат тудырған Сауд Арабиясы тағы да БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне қабылданған кезде өкініш арта түсті. Ал бұл кеңестің ең маңызды міндеті әлемдік кезеңдік тексеріс аясында берілетін UPR атты есеп бойынша барлық елдердегі адам құқығының сақталуын қадағалау болып табылады.