Лариджани аймақ мәселелерін саяси жол және аумақтық тұтастықты қорғау арқылы шешуді қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақ мәселелерін келіссөздер және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметту арқылы шешуді қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Ирак телеарнасына берген сұхбатында «Саудиялықтар Йеменде қате жолға түсіп, бүгінде өздері қиындықтарға шырмалып отыр. Олар өз қателіктерін қабылдап, Йемен мен Сирия мәселелерінің әскери жолмен шешілмейтінін білгені жөн.
Ислам республикасы Ирак үкіметінің қасынан табылуда» деп, Иранның бұл елдің аумақтық тұтастығын қалайтынын қуаттады.
Лариджани ИИР-ның басқа елдерге араласқысы келмейтінін және еш уақытта әскери шабуыл жасамағанына сілтеме жасап: «Ирак үкіметі ДАИШ-пен күресу үшін Ираннан көмек сұрады. Теһран кеңес беру деңгейінде көмектесті»,- деп мәлімдеді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақтағы кейбір араб елдерінің сионистік режимнің Ливанның оңтүстігі мен Газа секторына шабуыл жасғанын қолдағандарын сынап: «ИИР әрқашан палестиналықтар мен ливандықтардың сионистік режимнің басқыншылығына қарсы тұруын қолдады»,- деді.