Йеменнің әртүрлі аймақтары саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылдарына ұшырап отыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17869
БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілінің қақтығыстарды тоқтату қажеттігін қуаттауына қарамастан, осы елдің әртүрлі аймақтары Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалицияның қырғи ұшақтарының шабуылдарының астында қалып отыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2016 16:29 Asia/Almaty
  • Йеменнің әртүрлі аймақтары саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылдарына ұшырап отыр

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілінің қақтығыстарды тоқтату қажеттігін қуаттауына қарамастан, осы елдің әртүрлі аймақтары Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалицияның қырғи ұшақтарының шабуылдарының астында қалып отыр.

Йеменнің «al-Masirah»  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, саудиялық қырғи ұшақтардың сенбі түнде Йеменнің әртүрлі облыстарына жасаған шабуылдарында йемендік азаматтардың тағы бір тобы қаза тауып, осы елдің тұрғын аудандары мен инфрақұрылымдық нысандарына нұқсан келтірілді.

Осы мәлімет бойынша,  басқыншы коалицияға қарасты қырғи ұшақтардың сенбі түстен кейін жасаған шабуылдары Йеменнің батысы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі әл-Хадида, Сааде мен Таиз облыстарындағы тұрғын аудандарға, мемлекеттік мекемелер мен Теңіз күштерінің университетіне бағытталған.

Сауд Арабиясының ұшақтары, сондай-ақ,  Хадже облысының әл-Мәрзуқ ауданындағы күре жолда салынған көпірді бомбалады. Көпір қиратылған соң аудан халқының облыстың орталығымен байланыстары үзілді.

Осы басқыншылықтарға жауап ретінде Йемен армиясы мен халықтық күштері елдің солтүстік облыстары мен Сауд Арабиясымен шекаралас аудандарда, әсіресе Джизанның бір бөлігінде бірнеше әскери амал жүргізіп, басқыншы күштерге шығын келтірумен қоса, олардың құрал-жабдықтарына да ауыр зиян тигізді.