Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары жөнінде жаңа статистикалық мәлімет жарияланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17950
Йеменнің құқықтық орталығы Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары кезіндегі қылмыстары жөнінде жаңа статистикалық мәліметті жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 14, 2016 19:24 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары жөнінде жаңа статистикалық мәлімет жарияланды

Йеменнің құқықтық орталығы Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары кезіндегі қылмыстары жөнінде жаңа статистикалық мәліметті жариялады.

Йеменнің құқықтық орталығы дүйсенбі күні Сауд Арабиясының Йеменге жасаған 20 ай бойғы шабуылдары кезінде шамамен 30 000 Йемен азаматының қаза болып 19 000-нан астам кісінің жараланғанын мәлімдеді. Йеменнің құқықтық орталығы, сондай-ақ қаза болғандардың арасында шамамен 2500 бала мен 1800-ден астам әйелдің болғанын да баса айтты.