Йеменнің халықтық қарсыласуының зымырандық әлеуетінің түрлілігі Сауд Арабиясының қорқынышына айналды
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің зымырандық бөлімшесі бұл бөлімшенің саудиялық шабуылдардың басталуынан осы кезге дейін өткен 20 айда әртүрлі аймақтарда, әсіресе Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі саудиялық позицияларға 78 зымыран атқанын мәлімдеді.
Йемен армиясы мен халық комитеттерінің зымырандық бөлімшесі Сауд режимі Йеменде «Қатты дауыл» атты операцияны бастағаннан 60 күн өткен жағдайда Сауд Арабиясының әртүрлі позицияларына көптеген зымыран атып, үлкен жетістікке жетті.
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің зымырандық бөлімшесінің әлеуеті саудиялық шабуылшылардың алаңдаушылықтарына себеп болды. Дәл осы мәселе «Қатаң дауыл» операциясы үшін белгілеген мақсаттарды нәтижесіз қалдырды. Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің зымырандық бөлімшесіның саудиялық шабуылдарға қайтарған жауабы тек арнайы позициямен шектелмеді. Йеменнің қарсыласу қозғалысы өзінің зымырандық мүмкіндіктерін пайдаланып, Йеменнің іші мен сыртындағы әртүрлі нысанрды атып, Сауд Арабиясын шарасыз жағдаймен бетпе-бет келтірді. Саудиялық нысандарға қарай атылған 78 зымыранның 48-і Сауд Арабиясының жерінде жарылды. «Баркан 1», «Каир 1» және «Зилзал 1» сынды зымырандық жүйе мен «Эскад» зымырандары – саудиялықтардың нысанларына қарай атылған зымырандар. 27-ші қазанда Сауд Арабиясының батысындағы Джидда қаласындағы Абдолазиз патшаның әуежайына қарай атылған зымыран Йеменнің Ансаролла қозғалысына қарасты халықтық комитеттердің күшін көрсетті. Аталмыш шабуыл Сауд Арабиясын әрекет етуден қалдырғандықтан Сауд режимі Йеменнің қарсыласу қозғалысы алдындағы әлсіздігін жасыруға талпыныс жасады. Сол себепті Сауд Арабиясы Йеменнің халықтық қарсыласуын зымыранмен Меккедегі исламдық мекендерді нысанаға алды деп айыптады.
Саудиялық нысандарға атқан сайын Йемен зымырандарының қашықтығын арттыруы Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің зымырандық бөлімшесінің әлеуетін көрсетеді. «Баркан 1» зымыраны аймақтық ойыншылар мен ақпарат құралдарын таңырқатты.
Йеменнен 550 шақырым жерде орналасқан Король Фаһдтың Таифтегі базасын нысанаға алу мен Йеменнің шекарасынан 650 шақырым жерде Джиддада орналасқан Абдолазиздің әуежайына шабуыл жасау «Баркан 1» зымыраны арқылы іске асырылды.
Жылдар бойы Йемен халқының қарсыласуы зымырандарының қашықтығы артып, қарсыласудың келесі нысаны туралы болжам жасауды ауырлатып, Сауд Арабиясын әскери қысымға душар етті.