Палестиналықтар Құдста азан шақыруға тыйым салынуды айыптап, шеруге шықты
Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың жүздеген жақтасы Газа секторының солтүстігіндегі Құдстың мешіттерінде азан шақыруға тыйым салуға қатысты нәсілшілдік заңына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, палестиналықтар жұма намазынан кейін Газадағы Джабалия босқындар лагерінде өткізген осы шерулерде Израильге қарсы ұрандар айтты.
Сонымен қатар, Құдс тұрғындары да осы қаладағы мешіттерде азан шақыруға тыйым салу заң жобасына наразылық білдіріп, ұжымдық түрде әрекет етіп, өз үйлерінің төбесінен бір дауыстан азан шақырды.
1948 жылы басып алынған Палестина жеріндегі Назарет қаласының шіркеулері де жұма күні Құдсты басып алушы режимнің кабинетінің азанға қарсы заң жобасына наразылық ретінде құптан намазы кезінде азан шақырды.
Сионистік режимнің кабинеті 13 қараша күні нәсілшілдік әрекетінде Құдс мешіттерінде азанның шақырылуына тыйым салу заңының бектілуіне келісім берді. Бұл әрекет палестиналық топтардың ауқымды реакциясын тудырды.