Саудиялық Asharq Al-Awsat газетінің тілшілері Ирактың соғыс аймақтарынан шығарылады
(last modified Mon, 21 Nov 2016 09:58:34 GMT )
Қар 21, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • Саудиялық Asharq Al-Awsat газетінің тілшілері Ирактың соғыс аймақтарынан шығарылады

Ирак әскері Сауд Арабиясында шығатын Asharq Al-Awsat газетінің барлық тілшісін ирактық әйелдерге тіл тигізуіне байланысты осы елдің әскері мен халықтық күштері амалдар жүргізіп жатқан аймақтардан шығаруға бұйрық берді.

Ирактық burathanews ақпарат агенттігі дүйсенбі күні Ирак әскерінің ортақ амалдарды басқару штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап, Ирак әскері амалдар жүргізіп жатқан аймақтардан Asharq Al-Awsat газеті үшін хабар жіберетін  барлық тілшінің шығарылуы керектігін хабарлады.

 Ирак әскерінің ортақ амалдарды басқару штабы: "Asharq Al-Awsat" газеті жалған ақпарат тарату арқылы Ирак әскерін қаралап, бұл әскердің имам Хосейннің (ғ.с.) зияратшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Нейнава облысының түрлі аймақтарын азат етудегі жетістіктерін солғындатып көрсетуге күш салуда. Ирак әскерінің ортақ амалдарды басқару штабы  ақпарат тарату қағидаларына қайшы келетін бұл әрекетке реакция ретінде саудиялық тілшілердің амалдар жүріп жатқан аймақтардағы жұмыстарына тыйым салуды ұйғарды" деп жариялады.

" Asharq Al-Awsat" газеті кеше, яғни 2016 жылдың  қараша айының жиырмасы күні Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының есебіне сілтеме жасап, Хосейннің қырқы-арбағин рәсімдеріне қатысып жатқан кейбір ирактық әйелдердің заңсыз жыныстық қатынасқа түсетіні және олардың арасында бірнеше жүкті әйелдің бар екендігі туралы жазды.

 

Тегтер