Сауд Арабиясы Йемендегі атысты тоқтату бітімін бұзды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i18406
Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бұл елдің әртүрлі аймақтарында саудиялық әскери ұшақтардың атысты тоқтату бітімін 114 рет бұзғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 22, 2016 16:53 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йемендегі атысты тоқтату бітімін бұзды

Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бұл елдің әртүрлі аймақтарында саудиялық әскери ұшақтардың атысты тоқтату бітімін 114 рет бұзғаны туралы хабарлады.

Йемен қарулы күштерінің ресми баспасөз хатшысы Шараф Лұқман: «Саудиялық әскери ұшақтар қарашаның 19 күні 48 сағаттық атысты тоқтату жағдайының орнатылуының бірінші сәттерінен бастап шабуыл жасап, тыйым салынған қаруларды пайдаланып, оны бұзды»,- деді.

Йемен қарулы күштерінің ресми баспасөз хатшысы Йемен әскері мен халық комитеттерінің Омандағы атысты тоқтату келісіміне табандылығын қуаттап: «Йемендік күштер халықаралық бақылаушылардың алдындағы атысты тоқтату бітімінің бұзуылуы мен әшкере шабуылдарға реакция білдіруді өз құқығы деп санайды»,- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясының әскери әрекеттерінің баспасөз хатшысы Ахмад Асири: «Сенбі күнінен басталған Йемендегі 48 сағаттық атысты тоқтату бітімі аяқталды. Одан әрі созылмайды. Атысты тоқтату нәтижелі  болса, келіссөздерге оралғанша қақтығыстарды тоқтату жалғастырылатын болған» деді.

Йемен революциясы жоғары комитетінің басшысы Мұхаммад Әли Хоуси осы кезге дейін бірнеше рет атысты тоқтату бітімінің жарияланғанын, бірақ осы күнге дейін шынайы түрде тоқтатылмағанын қуаттап: «Шабуылдарды тоқтатып, Йемен халқының қоршауын алып тастау атысты тоқтатып, саяси келіссөздерді бастаудың негізі саналады»,- деп ескертті. Мұхаммад Әли Хоуси Масқат келісімі және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің жобасы туралы: «Ұлттық күштер йемендіктердің қанын төкпес үшін шабуылдар мен қоршауларды бұзуды қолдайды»,- деді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Біріккен Араб Әмірлігінде: «Сауд Арабиясы мен Йеменнің Ансаролла қозғалысы елдің жер-жерінде атысты тоқтатуға келісті»,- деп мәлімдеді. Бірақ Сауд Арабиясы алғашқы сағаттардан бастап келісімді бұзды. Мұхаммад Әли Хауси: «АҚШ - йемендіктердің өлімінің себепкері. АҚШ йемендіктерге қарсы шабуылдарды қолдайды»,- деп қуаттады.

Сауд Арабиясының шабуылдарын тоқтату және қоршауды алып тастау Йемен халқының негізгі қалауы. Бұл тек атысты толық тоқтату арқылы ғана мүмкін болады. Бірақ Сауд режимінің Йеменге қарсы шабуылдары жалғасып отырған кезде келіссөздер мен олардың анық нәтижесі туралы айтуға болмайды. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары мен қоршауға алуының жалғасуы атысты тоқтату келісіміне сай келмейді. Сауд Арабиясы басқарған Йеменге қарсы шапқыншылар коалициясы жарияланған атысты тоқтату бітімін орындамай, керісінше шабуылдарын жалғастырды. Бұл шабуылдар Йемен халқын қатерге тіреді.