Аммар Хаким: «Әл- Хашд әш- Шағби» заңын бекіту республикалық деңгейдегі шара болды
Ирактың исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы халықтық ерікті күштер (әл-Хашд әш-Шағби) заңының осы елдің Өкілдер палатасында бекітілуіне байланысты айтқан сөзінде осы заңды бекітудің республикалық деңгейдегі шара екендігін және Ирактың Конституциясы негізінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
Ирактың исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Аммар Хаким: «Басидж құрылымдары ретіндегі Ирактың халықтық күштеріне қатысты заңның бекітілуі және қарулы күштер мен Ирак армиясының қосылуы Иракта ұлттық коалиция үшін кіріспе болып табылады» деді. Ирак парламенті сенбі күні 210 депутаттың қатысуымен Салим әл-Джабуридің төрағалығымен құрылып, «Әл- Хашд әш-Шағби» заңына халықтық ерікті күштер-«Басидж» құрылымдары ретінде оң дауыс берді.