Инженерлер Ирактағы ең үлкен су бөгетінің қирауының ықтимал екендігін ескертті
Ақп 29, 2016 21:53 Asia/Almaty
Инженерлер Ирактағы Мосул су бөгетінің қирауының ықтималдығын ескертті.
CNN телеарнасының хабарлауынша, инженерлер Ирактағы ең үлкен су бөгетінің кез келген сәтте қирап, көптеген шығын келтіруі мүмкін екендігінен сескеніп отыр. Мосул су бөгетінің астындағы жер айтарлықтай мықты емес көрінеді, егер осы бөгет қираса, бірнеше минуттің ішінде Мосул қаласы суға батып, бөгеттің суы тіпті Бағдадқа да жетеді деген қауіп бар.
Тегтер