Сирия армиясы Алеппоның шығысында үлкен жеңіске жетті
(last modified Tue, 29 Nov 2016 12:59:13 GMT )
Қар 29, 2016 18:59 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы Алеппоның шығысында үлкен жеңіске жетті

Адам құқығын қорғау жөніндегі сириялық мониторинг орталығының директоры Рами Абдулрахман қарашаның жиырма сегізі күні Сирия армиясының Алеппоның шығысындағы Сахур аймағын өз бақылауына алғанын растап: «Бұл Башар Асадтың қарулы қарсыластарының 2012-ші жылдан бергі Алепподағы ең үлкен жеңілісі»,- деп мәлімдеді.

Алеппода лаңкестер қысымға түсіп, қашқанда қолдаушылары  оларды құтқаруға асықты. Алеппо – Сирияның екінші үлкен қаласы. Бұл қала елдің солтүстігінде орналасқан. 2012-ші жылдан бері  Алеппоның шығысы  лаңкестердің, батысы Сирия үкіметінің бақылауында болды. Алеппо біраздан бері Сирия армиясы мен лаңкестердің қақтығыстарының орталығына айналды. Сирия армиясы ресейлік күштердің  әуеден демеушілігі және одақтастарының қолдауымен Алепподағы лаңкестерді қоршауға алды. Лаңкестердің жақтастары қоршауды бұзуға талпыныс жасады. Олар адам құқығы туралы уәждерін айтып, қайтадан атысты тоқтату арқылы демдерін алып, лаңкестерге күштерін толықтыруға мұрсат беруді көздеуде. Лаңкестерді Сирия армиясының қоршауынан шығару жолындағы талпыныстар осы уақытқа дейін нәтижеге жеткен жоқ. Сирия армиясы  Алеппода 2012-ші жылдан бергі ең үлкен жеңіске жетті. Алепподағы лаңкестер  өткен екі күнде 2012-ші жылдан бергі ең үлкен жеңілісті бастан өткеруде. Сирия армиясының күштері Алеппоның шығысының үштен бір бөлігін өз бақылауына алды.

Сирия армиясы өткен күні Алеппоның шығысында Ханану мекенін толығымег өз бақылауына алды. Ханану аймағын басып алу Сирия әскерінің алға ілгерілеуіне жағдай тудырып, Сирияның әскери күштері Алеппоның шығысында Джабал Бадр менәл-Сахур аймағын өздерінің бақылауына қайтарды. Бұл үш аймақты босату Алеппо әуежайының батысын қауіпсіздікпен  толық қамтамасыз етіп, Алеппоның шығысындағы қарулы топтардың бақылауындағы   аймақтарды бір-бірінен бөлді. Сонымен бірге Алеппоның шығысында өмір сүретін 10 000 азамат үкімет пен Сирия армиясы қадағалайтын аймақтарға кетіп, лаңкестерден құтылды.  Сирия армиясының  үлкен жетістіктері көптеген реакцияларға  тап болды. Кейбір ақпарат құралдары Сирия армиясының Алепподғы жеңістерін «домино тастарының құлауы» деп бағалады. Адам құқығын қорғау жөніндегі сириялық мониторинг орталығының директоры Рами Абдулрахман қарашаның жиырма сегізі күні Сирия армиясының Алеппоның шығысындағы Сахур аймағын өз бақылауына алғанын растап: «Бұл Башар Асадтың қарулы қарсыластарының 2012-ші жылдан бергі Алепподағы ең үлкен жеңілісі»,- деп мәлімдеді.

Қатар Сыртқы істер министрі  Мұхамад бен Әбдулрахман Сани Алепподағы Сирия армиясының жеңістеріне алаңдаушылық білдіріп: «Сирия армиясы Алеппоны толық өз бақылауына алған жағдайда Қатар мен одақтастары үкіметке қарсы бүлікшілерді қолдауды жалғастырады»,- деді. Лаңкестердің қолдаушыларының  Алепподағы сәтсіздіктеріне қатысты негізгі алаңдаушылықтарының бірі егер Сирия армиясы Алеппоны толық азат ететін болса,  лаңкестердің алдынан Түркияның шекараларын жабатындығына байланысты. Мұндай жағдайда Сириядағы лаңкестердің ғұмырлары қысқарады. Өйткені Түркияның шекаралары Сириядағы лаңкестердің кіріп-шығатын әрі оларды қаруландыратын жол болып табылады.